ҚҰРБАН АЙТҚА ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ (ФОТО)

2022 жылы Құрбан айт мерекесі 09-11 шілдеге тура келіп тұр. 09 шілде таңғы сағат 07:00 де айт намазы өтеді. Семей қаласы бойынша онлайн және оффлайн құрбандық шалынады.
Осы орайда, Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Абай облысы бас имамының орынбасары Ерлан Досымұлы, қала әкімдігі, СЭС өкілдері, мал дәрігер өкілдері, қасапхана қожайындарымен бірге онлайн құрбандық шалынатын қасапханаларды аралап шықты.
Семей қаласы бойынша “Космановтар, 1” және “Семей-Алматы тас жолы 7/1” мекен жайында орыналасқан қасапханаларда онлайн құрбандық шалынады.