МАҚАНШЫ: ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болуына байланысты 1985 жылғы азаматтар Қүран жарысын өткізуіне себепкер болды.
Құран жарысына Алматы қаласынан, Семей қаласынан, Достық ауылынан, Ұржар ауданынан, Мақаншы өңірінің мешіттерінің жамағаты мен шәкірттері қатысты. Жарыс Құранның 30шы парасымен, соңғы 20сүреден өтті.
Сайысқа әділ қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтады.  Қазылық еткен төрешілер “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің найб имамы Айқын Бейсенбай және “Төлеубек қажы” мешітінің ұстазы Ералы қари келді.

30шы пара бойынша:
Бас жүлде ұмра қажылығын -Байманов Бауыржан

1 орын – Жақыш Санжар. (Достық ауылы)

2 орын – Ахметжанов Бекарыс (Мақаншы ауданы)

3 орын – Бурибаев Медет (Семей қаласы)

20 сүре бойынша:
1 орын – Ошанбай Заңғар (Қабанбай ауылы)

2 орын – Тұрлыбеков Мағжан (Кабанбай ауылы)

3 орын – Олжабай Ғалымжан (Қабанбай ауылы) иеленді.

Ұмра қажылыққа демеушілік еткен азамат Бисұлтанов Ербол төре Мұхамедқажыұлына алғысымызды білдіреміз.