Қазақ ішіндегі діні мен құлшылығына салғырт қарайтын, Құранды мәнерлеп оқуға тілін жаттықтырмайтын жаман мінезге Абай кейіннен Он алтыншы қара сөзінде: «Қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай Тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?» деп сын тезіне алады. Демек, Абай Құранға тілім келмейді деген сылтауды қатты айыптай отырып, оны үзір ретінде қабылдмағанын көреміз.
Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының ұйымдастыруымен “10 тамыз – Абай күніне” орай барлық облыс мешіттерінде Құран аяттары және хадистермен ұштастырылған Абай Құнанбайұлының қара сөздері түсіндіріліп, уағыз насихат айтылды.
Пікір қалдыру