АЯГӨЗ: ” КӨРКЕМ МІНЕЗ” АТТЫ КІТАПТАН СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

«Аягөз қалалық» мешіті жанынан құрылған «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері Думан Сайфулланың «Көркем мінез» атты кітабынан сынақ тапсырды. Мешіт ұстазы Әсел Рымғалиқызы қатысушыларға насихат айтып, сәттілік тіледі. Сынақ қорытындысы бойынша І – орын Бұлбұл Сағатбекқызы, ІІ – орын Айгүл Серікханқызы, ІІІ – орын Ақнұр Болатқызы марапатталып, сый табысталды. Сонымен қатар Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемі  мен игілігі болсын) көп салауат айтқан Гүлсара Оразғалиғада сый табыс етілді.