Аягөз қаласынан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ филиалы ашылды

Ақжаулықты әжелер жолын, аналардың ақпейілін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында құрылған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігі көпшілікке кеңінен таныла бастады. Еліміздің барлық аймағында жұмыс атқарып жатқан бірлестіктің филиалы жуырда Абай облысы Аягөз қаласынан да ашылды.

Бірлестік мүшелері тарапынан алғашқы ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі қаланың бас имамымен сұхбаттасып, Құран бағыштап, бата алу болды. Бағыт-бағдары айқындалған қоғамдық бірлестік мүшелерінің сөзінше, алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға пайдалы рухани-танымдық шаралар өткізілетін болады.