ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА «ЛАҚ КӨТЕРУ» САЙЫСЫ ӨТТІ

Абай облысы «Құнанбай қажы» атындағы мешітте «Жастар ісі секторының» бастамасымен жасөспірімдер арасында «Лақ көтеру» спорттық сайысы өтті. Шара Балалар жылының аясында ұйымдастырылған. Тартысты сайыста барлығы 43 бала бақ сынасты. Топтың алды атанып, суырылып шыққан жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сайыс жүлдегерлері келесідей:

1 орын – Әлижан Сайлаубеков (150 мәрте лақ көтерген)

2 орын – Нұрболат Дәулетханов (120 мәрте)

3 орын – Нұрқанат Мәмиев (101 мәрте)

4 орын – Әділғазы Наркенов (80 мәрте)

5 орын – Еркебаян Зейнел (72 мәрте)

6 орын – Елжас Өмірбеков (71 мәрте)