АЯГӨЗ ҚАЛАСЫ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНЫҢ ӘЖЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Абай облысы Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері Қарттар күні мерекесіне орай мешіттегі әйел жамағатының әжелеріне құрмет көрсетіп, дастархан жайды. Жиын барысында ақ жаулықты аналарымыз өткеннен сыр шертіп, жастарға ақыл-кеңестерімен бөлісті. Кездесу барысында сектор мүшелері әжелерге ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтарын ұсынды.