«ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Абай облысы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдігі Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күнінің қарсаңында қайырымдылық шарасын өткізді. «Ерекше» бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек ретінде әрі шипа болсын деген ниетпен құрбан шалынып, еті таратылып берілді. Қайырымдылық қорының өкілдері науқас балалардың хал-жағдайларымен танысып, игі тілектерін білдірді.