ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қажылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары тағайындалды.

«Құрмаш Сырым Сейсенғалиұлы ҚМДБ Қажылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

Бүгін өткен кезекті Аппарат жиналысында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сырым Сейсенғалиұлын ұжымға таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар қажылық саласы бойынша нақты тапсырмалар берді.