Абай облысы “Зекет және қайырымдылық” қоры қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінде өткен акция аясында 100-ден аса отбасыға 10 тонна картоп үлестірілді. Сондай-ақ, облысымыздағы “Хакім Хазірет” медресесі де астықпен қамтылды. Ізгі шараны ұйымдастырған Зекет қорының мамандары алдағы уақытта бұндай жәрмеңкелер әлі де өткізілетінін жеткізді.
Пікір қалдыру