БҮГІН «ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін Абай облысында “Дін және мемлекет” атты облыстық семинар бастау алды. Игі шараның ашылуына Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Серікқазыұлы, ҚМДБ Абай облысы бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы мен Семей қаласы шіркеуінің қызметкері Виталий Александрович қатысып, пленарлық отырыс өткізілді. Сонымен қатар, семинарға Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының және Дін мәселелерін зерттеу ортылығының мамандары, қылмыстық атқару жүйесінің теологтары мен “Парасат” кеңес беру-әдістемелік орталығының білікті мамандары қатысуда.

Екі күнге жоспарланған шараның басты мақсаты – қоғамдағы діни сауаттылықты арттырып, ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынасты нығайту, облыс аумағында орналасқан мекемелер арасындағы жұмыс сапасын арттыру, облыс көлемінде діни ахуалға жауапты мамандарға деструктивті діни ағымдар ықпалының алдын алудағы маңыздылығын, мемлекеттің дін туралы саясатын және оны жүзеге асыру алгоритмдерін түсіндіру, оңалту және дерадикализация жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдерін үйрету, әлеуметтік желілердің жастар психологиясына әсерін айқындау, сонымен қоса, мекемелердің бірлескен жұмысын жоспарлау.