МАРОККО ФУТБОЛШЫСЫ ҚҰРАН ЖАТТАП ЖҮР

Марокко құрамасының шабуылшысы Закария Абухляль әлемдік деңгейдегі футболшы болумен қатар, өзінің ақыреттік несібесіне де бей-жай қарамайтын адам.

Ол бүгінде Құран Кәрімді жаттап жүр, сондай-ақ өз елінде жұма намаздарында құтпа оқиды. Дауысы да керемет.

Қатарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Бельгиямен өткен ойынның алдында оның дұға жасағанын көруге болады, ал гол салғаннан кейін сәжде қылып, Құдайға шүкіршілігін білдірді.

Айта кетейік, Марокко – әлем біріншілігінің ширек финалына шыққан жалғыз мұсылман елі әрі африкалық команда болды. Топтық кезеңнің соңғы ойынында испандықтарды пенальти сериясында жеңген олар енді 1/4 финалда Пиреней түбегінен келген тағы бір ел – Португалиямен күш сынасады.