Желтоқсан – ерлік пен елдіктің айы. Тарихымыздың ұмытылмас парағы.
Бүгін семейліктер азаттық пен Тәуелсіздік жолында адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсетіп, алаңға шығып теңдік талап еткен қаһармандардың рухына бас иіп, тағзым жасады. Іс-шара Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіш басына гүл шоғын қою рәсімімен басталды.
Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы, зиялы қауым өкілдері мен желтоқсан оқиғасының кәугерлері, сондай-ақ жастар қатысты.
Пікір қалдыру