СМАЙЫЛ СЕЙТБЕКОВ СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН ДИДАРЛАСТЫ

Абай облысына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ “Діни білім және кадр даярлау” бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбеков Семей қалалық көп салалы колледж студенттерімен кездесті. Жиын барысында ата-анаға құрмет, ұлтқа қызмет, отансүйгіштік, дін мен дәстүр сабақтастығы, діни сауатты болудың маңыздылығы сынды тақырыптар сөз болды. Кездесуге жиналған шәкірттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мол мағлұмат алды.