“ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР” СЕКТОРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Абай облысы Әйел-қыздар секторы биылғы жылғы жоспарларға шолу жасап, жуырда атқарылуы тиіс іс-шараларды талқылады. Жиынға Облыстық ұстаздар, әжелер мектебі мен Ұлжан ана қыз-келіншектер мектебінің мүшелері қатысты. Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Данагүл Төлегенқызы дін мен дәстүр сабақтастығы, қайырымдылық, мәдени және қоғамдық шараларды өткізудің маңызына тоқталып, жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс шараларға қатысты бірқатар тапсырма берді.