ЕРЕЖЕП АЙЫ ЖӘНЕ ОРАЗА

Сәубан (р.а.) айтады:

Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ екеуміз бірге кетіп бара жатыр едік. Жолымызда қабірлер болатын. Алла Елшісі ﷺ бір кезде қабірлерге қарап, көзіне жас алды.

Содан соң маған қарап: «Ей, Сәубан, мына қабірдегі жатқан адамдарды қабір азабынан құтқаруды тілеп, Алла тағаладан дұға еттім. Егер де бұлар Ережеп айында бір күн ораза тұтқанда немесе құлшылық етсе, яки осы айда дүниеден өтсе, онда бұларға қабір азабы болмас еді», – деді.

Сонда мен: «Иә, Расулалла, Ережеп айының бір күн оразасы қабір азабынан құтылуға каффарат бола ма?» деп сұрадым. Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Әр мұсылман ең болмаса Ережеп айында бір күн нәпіл ораза ұстаса, ғибадат етіп, құлшылық жасаса немесе осы айда бұл дүниеден озса, Алла Тағала ол кісінің амал кітабына бір жылғы ғибадаттың сауабын жазар», – деді.