АҚСУАТ АУДАНЫНДА “ТЕГІН ТАКСИ” АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Абай облысы Ақсуат ауданында мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Тегін такси” акциясы өткізілді. Қасиетті Ережеп айының құрметіне ұйымдастырылған игі шара жергілікті тұрғындардың ризашылығын тудырды.

Дін қызметкерлерінің сөзінше, аталған акция  әр апта сайын дүйсенбі және жұма күндері өткізілетін болады.