ҰСТАЗ НҰРӘЛІ БАҚЫТҰЛЫ ҚҰПТАН УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін Семей қалалық “Қос мұнаралы” мешітінде РАНТ мүшесі, Жамбыл облысы “Һибатулла Тарази” мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы құптан намазының уағызын өткізді. Ұстаз жиналған жамағатқа дін мен дәстүр, Абу Ханифа мазхабы және матруди ақидасы сынды тақырыптарды уағызға арқау етті.

Айта кетейік, ертең (3 ақпан) Нұрәлі Бақытұлы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде жұма намазының уағызын өткізетін болады.