ЖАҢА АУЫЛ МЕШІТІНЕ ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Абай облысы Аягөз ауданы, Аягөз қаласы «Жаңаауыл» мешітіне Алибаев Райсхан Амангелдіұлы имам болып тағайындалды.

Аягөз ауданының бас имамы Алмас Айткәрімұлы орталық мешітке жиналған жамағатқа жаңа имамды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Ақсақалдар өз батасын беріп, жергілікті тұрғындардың рухани ілімін жетілдіру жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.