АҚТОҒАЙ БЕКЕТІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМДАЛДЫ

Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай бекеті, «Мәнсул» мешітіне шарапатты Рамазан айында қос қари келген болатын. Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде Құран хатымдалып, ауыл имамы Мұрат Жақсылықұлы хатым дұғасын жасады. Ауыл халқы, көпшілік атынан қос қариға ат – шапандары мен сыйлары табысталды. Қасиетті Қадір түні мешіт жанындағы еріктілер тобы сұрақ – жауап ұйымдастырып, жауап берушілерге зәмзәм, жайнамаз т.б сый берілді. Ақсақалдар бата беріп, ел – жұрт амандығы тіленді.