“ИМАНИ ЖАЗ” САУАТ АШУ КУРСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде “Имани жаз” балаларға арналған діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Аталған курсқа  7-15 жас аралығындағы оқушылар қабылданды. Қабылданған 80 шәкірт жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, ұстаздарға табысталды. Айта кетейік, діни сауат ашу курсы бір айға жоспарланған.