ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ!

Ассаламағалейкүм, құрметті мұсылман қауым!
Баршаларыңызды бүгінгі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – Алла Тағаланың мұсылман пенделеріне сый етіп берген мерекесі. Бұл күні жасалған дұға-тілектер қабыл болады. Бір-бірімізді қуанту, жақсы көңіл-күй сыйлау, ренжіскен болсақ кешіру сынды амалдар жасау құрбан айт күнінің мәнін кемелдендіреді. Һәм мол сауап амал болары сөзсіз.

Пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы сыналатын бұл мейрамда атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріңізге сауаптан жазғай! Жаратқан Иемізден ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, игі де ізгі қызметіңізге жеміс, отбасыңызға баянды нәсіп етсін! Құрбан шалып, ниет еткен тілектеріңіз қабыл болсын! Жаратқан әрбір шаңыраққа, әрбір құлына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін!

 

Асқар Әбітайұлы

Абай облысының бас имамы