МАРҚҰМДАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Бүгін елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды.

Сауапты шара Абай облысында да өткізілді. Қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран бағыштау рәсімі “Шәкәрім қажы” мешітінде өтті.