АЯГӨЗ: ЕМЕЛТАУ АУЫЛЫ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ИГІ АМАЛЫ

Аягөз ауданына қарасты Емелтау ауылының 2003 жылы мектеп бітірген түлектері 20 – жылдық кездесулерінде ауылдық мешіттің терезелерін жаңалап берді. Мешітке келген түлектерді ауыл имамы Жаңалық Еркінұлы қарсы алып, уағыз – насихат айтып, ізгілікті істеріне береке тілеп, алғыс білдірді.