САУДИЯҒА БАРҒАН ЕУРОПАЛЫҚ ФУТБОЛШЫЛАР ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАУДА

Сауд Арабиясының Ат-Таи футбол клубында ойнайтын неміс футболшысы Роберт Бауер әлеуметтік желіде намаз оқып жатқан суретін жариялады және өзінің әйелі және отбасының ықпалымен ислам дінін қабылдағанын айтты.

“Маған жазып жатқан барлық адамға айтарым, иә мен әйелімнің және отбасымның арқасында ислам дініне келдім. Бұл қадамға баруым үшін көп жыл өтті. Осы рухани ізденіс кезінде мені қолдаған және қол ұшын созған барлық адамға құрметім шексіз” деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бундеслиганың бірнеше клубында және Бельгия мен Ресейде ойнаған Бауер осы жылдың мамыр айында судиялық клубпен келісімшартқа отырған болатын.

Келесі кезекте кім: Роналду, Неймар?