БАС ИМАМДАР ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өтіп жатқан Төралқа мәжілісінде облыс бас имамдары 2023 жылдың қорытынды есебін баяндады.

Төралқа жиынында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың бас имамдары өңірдегі биыл әртүрлі бағытта атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін жеке-жеке баяндап, слайд түрінде ұсынды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлерінің жыл бойына атқарған жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ жетілдіруі қажет тұстарын екшелеп, кемшін түсіп жатқан бағыттар бойынша әлі де жұмыс істеу керектігін ескертті.