«САҒЫНДЫМ СЕНІ МҰХАММЕД» АТТЫ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

«Сағындым сені мұхаммед» (с.ғ.с). Осындай атаумен сира жарысы өтті. Зияткерлік сайысты ҚМДБ Абай облыстық өкілдігіне қарасты «Діни оқу-ағарту» бөлімі ұйымдастырды. Сайыстың басты мақсаты – қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеу. Сира (Пайғамбарымыздың өмір жолы) бойынша өткен сайыс барысында діни білім бөлімінің меңгерушісі Ерлан Досымұлы көркем мінез, даналықты Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен үлгі етуіміз керек екенін айтты. Игі шара жұртымызды жақсылыққа үндейді, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Шәкірттер қойылған сұрақтарға жан жақты жауап берді. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Арнайы құрылған комиссия өкілдері жауаптардың мазмұнына, қатысушылардың ой-өрісі мен таным деңгейіне қарай бағалады. Қазылар алқасының шешімімен 1-орынды «Әрекет» тобы жеңіп алды. Ал 2-ші орынды «Хикмет» тобы иеленсе, 3 ші орынды «Қурра» тобы қанжығасына байлады. Тәлімі мол сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Қатысушыларға арнайы сыйлықтар берілді.