Семейде «Әли (р.ғ.)» мешіті ашылды

Семейдегі рухани орталықтардың саны тағы бір мешітпен толықты. 22-ші наурыз ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамы биыл қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін Семейдегі «Жастар Семей қорының» ұйымдастыруымен «Әли (р.ғ)» мешіті ашылды. Ашылу салтанатына ҚМДБ Абай облысы бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы Семей қаласы әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев және Семей қалалық мәслихатының төрағасы Данияр Шәкәрімов қатысты.

Бас имам Асқар Әбітайұлы жаңа мешітке қасиетті «Құран» кітабын табыс етті. Жаңа мешіт бір мезетте 200-ден астам адамды қабылдай алады. Жалпы мешіттің қоғамға тигізер пайдасы орасан зор. Мұсылман адам намаз оқуы үшін киімі, денесі, намаз оқитын орны таза әрі дәретті болуы талап етіледі, яғни, сыртқы тазалық қана емес, адамның жан-дүниесі тәкаппарлықтан, көреалмаушылықтан, менмендіктен, басқа да жаман мінездерден таза болуы керек.

Анығында мешіт – адамды имандылыққа, мейірім мен адамгершілікке үндеп, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын үлкен тәрбие мектебі. Ал Семей қаласындағы «Әли (р.ғ)» мешіті «Красный кардон» ауданында орналасқан.