РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ: 200 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Абай облыстық “Зекет және қайырымдылық” қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен және қайырымдылыққа жаны құмар кәсіпкер азаматтардың қолдауымен “Рамазан қоржыны” акциясы аясында 200 отбасыға азық-түлік таратылды.

Игі шараның алдында сөз алған Абай облысының бас имамы халыққа Рамазан айының берекесін тілеп және Наурыз мерекесімен құттықтап, мұқтаж отбасыларға жылы сөздерін арнады.

Қайырымдылық айы саналатын Рамазанда Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жомарттығы одан сайын арта түсетін болған екен. Алла елшісін (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі тұтқан дін жанашырларының осы бір сауапты істеріне халық дән ризашылықтарын білдірді.