АЯГӨЗ АУДАНЫ: “Алаш көсемдері” атты кездесу

Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай бекеті, «Мәнсүл» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында №8 жалпы орта мектебінде «Алаш көсемдері» атты кездесу өтті. Мешіттің имамы Мұрат Жақсылықұлы Алаш арыстарының елім, жерім деп халқына сіңірген ерен ерлік пен еңбектерін баяндап тәрбиелік мәні зор насихат айтып өтті.

Тарих пәнінің ұстазы Дулат Бейсенбайұлы тақырыптың ажарын аша түсіп, болашақ ұрпақтың қазақтың рухын көтерген ерекше тұлғалар алдында қарызы мен парызын атап, болашақтың жарқын болуына тоқталды. Мектеп оқушылары көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі