АЯГӨЗ АУДАНЫ: “ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ” САЙЫСЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды “Ислам және дәстүр құндылығы” деп жариялаған еді. Демек, бұл жылы бабаларымыздың рухани бай мұрасын барынша тереңінен, әрі, жан-жақты насихаттау көзделіп отыр. Осы мақсатта жыл басынан бері Абай облысында түрлі игі шаралар өткізіліп келеді.

Осындай ізгі бастамалардың бірі Аягөз ауданында өтті. Аягөз ауданына қарасты «Қопа ауылдық» мешіті «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында оқушылар арасында «Шәкәрім оқулары» атты білім сайысын ұйымдастырды. Ауылдық мешіттің имамы Сайлаубек Аленұлы Шәкәрім бабамыздың қалдырған мұра, құндылықтары жайлы айта келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шәкірттер Шәкәрім атамыздың өлеңдерін жатқа оқып, өлең жолдарынан түсінгендерін баяндап берді. Жиын соңында шәкірттерге марапат пен сый табысталды.