ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНА ЖЕТТІ

Апаттан зардап шеккен аймақтарға Абай елінің аманатын жеткізу үшін жолға шыққан қайырымдылық керуені бүгін Ақтөбе облысындағы су тасқыны орын алған Ырғыз ауданына жетіп, тиісті гуманитарлық көмекті Ырғыз аудандық мешітінің қоймасына түсірді. Алдағы уақытта жергілікті мамандар Ырғыз ауылы мен көршілес Нұра ауылының халқына қажетті заттарды табыстайтын болады.

Ал, қайырымдылық керуені өз жүрісін әрі қарай жалғастырып, Батыс Қазақстан облысына аттанды.