РАНТ МҮШЕСІ АЯГӨЗДЕ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ “Уағыз-насихат” бөлімі меңгерушісінің орынбасары, РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлы Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелерімен кездесті.

Шәууәл айының оразасын ұстаған белсенді жастар ауызашар ұйымдастырып, спорттық ойындар өткізіп, жеңімпаз иелеріне Думан Нәдірұлының жаңадан шыққан «QALYP » атты кітабын сыйға тарту етті.

РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлы қоғамдағы өзекті діни мәселерге тоқталып, береке бірлік, бауырмалдық, білім жайлы насихат айтты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі