РАНТ МҮШЕСІ СЕМЕЙДЕ ЖАМАҒАТПЕН РУХАНИ СҰХБАТ ҚҰРДЫ

РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлы Абай өңіріне сапары барысында Семей жамағатымен сұхбат құрып, Семей қалалық Тас мешітінде Құптан намазының алдында “Жаман ойдан аулақ болу” тақырыбында уағыз-насихат айтты. Сұхбат соңында жамағаттар тарапынан қойылған діни сұрақтарға жауап берді.

Іс-сапар аясында Жұма күні бірқатар мекемелерде кездесу өткізіп, Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітте Жұма уағызын жүргізетін болады.