АБАЙ ОБЛЫСЫ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІН МӘНЕРЛЕП ОҚУДАН САЙЫС ӨТТІ

Абай облысы Семей қалалық Қосмұнаралы мешітінің әйел жамағаттары арасында хакім Абай Құнанбайұлының  180 жыл мерейтойына орай, 45 қара сөзін мәнерлеп оқудан сайыс өтті.

Игі шараға Қосмұнаралы мешітінің әйел жамағаты мен бүлдіршін қыздар қатысты. Жарыс шарты бойынша әр қатысушы Айбайдың қара сөздерін мәнерлеп оқып, мазмұнын аша отырып өзіне қандай ғибрат алғанын баяндау қажет.

Жарыстың басы қатысушылардың ретін анықтау үшін жеребемен басталды. Әр қатысушы қыздар өздері таңдап алған қара сөздерді мәнерге салып оқи отыра, көрермендерге мазмұны мен алған ғибраты жайлы ашып айта өтті.

Шараның басты мақсаты Абайдың 45 қара сөзінен өскелең ұрпаққа және халыққа мәнерлеп жеткізу арқылы ғибрат алу.

Сайысқа қатысушыларға қазылар алқалары өз бағасын берді. Кеш ортасында шараға көрермен болып келген ақ жаулықты әжелеріміз шашуын шашып, ақ батасын арнады.

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздарымызға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.