АБАЙ ОБЛЫСЫ МЕШІТТЕРІ 825 ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫН СЫЙЛАДЫ

Абай облысы бойынша қала-ауыл мешіттері мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына орай қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Қайырымдылық акция барысында Абай облысы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде 280 балаға мектеп жарақтарын үлестірді. Жалпы Абай облысы мешіттері Тамыз айының басынан бері 825 балаға мектеп сөмкесі мен қажетті оқу құралдарын сыйлады. Сонымен қатар, облысымыздың бірқатар аудандары мен қалалық мешіттер акция барысында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға ақшалай көмек беріп, одан бөлек мектеп формаларымен қамтамасыз етті.

Ұйымдастырылған акцияның басты мақсаты аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізілді.

Игі іс-шарада ҚМДБ Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы “Ислам және отбасы құндылығы” жылына орай ұйымдастырылып отырған акция аясында оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім алудың маңыздылығы жайлы насихат айтты.

Осы іс шараға демеушілік көрсеткен “КANCLER SEMEY” дүкенінің басшылығына өз ризашылығымызды білдіреміз. Қайырымдылық шараға арнап, арнайы  100 балаға мектеп сөмкесін табыстады. Алла істеріңізге берекесін берсін. Осындай жомарт кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз!

Акция Абай облысы бойынша тамыз айының соңына жалғасады.