АБАЙ ОБЛЫСЫ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Аягөз қалалық мешітінде Абай облысы, Семей қаласының бас имамы Асқар Әбітайұлының қатысумен «Білім – өмір шырағы» атты семинар өтті. Бас имам «Артық білім кітапта» – демекші ілімнің артықшылығы, кітап оқу жайында қасиетті Құран, Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінен баян етті. Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.