РАНТ МҮШЕСІ ҒАЗИЗ АХМЕТТІҢ АБАЙ ЕЛІНЕ САПАРЫ

ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет Абай облысына ресми іс-сапармен келіп, бірқатар кездесулер мен уағыз-насихат жиындарына қатысты. Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы педогогикалық колледж студенттерімен кездесіп, диструктивтік діни ағымдар туралы ақпараттар берді.

Сонымен қатар, 68303 Әскери бөлімшесінде кездесу өткізіп, диструктивтік діни ағымдар тақырыбында уағыз айтып, елдің еңсесі биік болуы үшін әскери қызметкерлердің рухы биік болуы қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, жат ағымның кесірі, құмар ойынның әлегі тақырыбын да қозғап өтті.

Сондай-ақ, Семей қалалық Қос мұнаралы мешіті мен Тас мешітінде кешкі құптан уағызын айтты. Сонымен қатар, “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде жұма уағызын өткізді. Орталық мешітінің жанындағы “Munara TV” арнасының облыстық филиалымен танысып, “Сәті түскен сұхпат” бағдарламасына арнайы сұхбат берді.

Сонымен қатар, Ғазиз Ахмет арнайы Абай облысы, Семей қаласының мешіт имамдарына “Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті” атты семинар өткізді. Уағыз айтушыға қойылатын талаптар жайлы, атап айтқанда, киім кию, сөз саптау этикасы туралы, сондай-ақ уағыз айту барысында жіберілетін қателіктер туралы мәлімет берді. Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.