Семей қалалық Төлеубек қажы мешіті мен Абай облыстық орталық мешіті “Дін мен Дәстүр” бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен “Ислам және отбасы құндылығы” жылына орай “Ынтымағы жарасқан – жанұя” атты отбасылық эстафета өтті.
Тартысты сайысқа облыс мешіттерінің қызметкерлері мен жамағаттары қатысып, жалпы 14 команда бақ сынады.
Аталған сайыс 7 кезеңді құрады. Алғашқы 4 кезең “Кім жүйрік?”, “Кім епті?”, “Бәйге”, “Кім мықты?” атты эстафеталық сайыстардан құралып, қатысушылардың жылдамдығы мен мықтылығы сыналды.
Қалған 3 кезең дәстүрлі ойындардан құралды. Дәстүрлі ойындардың ішінде – әкелер мен балалар бір команда болып арқан тартысты. Сондай-ақ, әкелер серке көтеріп жарысса, балалар асық атып жарысты. Бұл сайыста ең мықты, ең жылдам команда олжалы болды.
Жарыс нәтижесі бойынша, 1 орынды – Әбу бәкір сыддық мешіті командасы жеңіп алып, ақшалай 100 000 тг иеленді. 2 орын – Жоламан мешіті командасы иеленіп, ақшалай 70 000 тг иеленсе, 3 орынды – Шағыл мешіті командасы иеленіп, 50 000 тг қанжығасына байлады.
Сайысқа қатысушылар өздерінің жарыстан алған ерекше әсерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
































Пікір қалдыру