АБАЙ ОБЛЫСЫ: АЗАНШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Құлшылығына мығым жамағаттың жиылып бес уақыт намаз оқуындағы азанның, сол азанды айтатын азаншының маңызы өте зор. Азанның діндегі орны да бөлек.

Осы мақсатта азанның сапасын арттыру, азаншыларға азан айтудың маңызы мен тәртібін жете түсіндіру мақсатында, Абай облысы бойынша Құран секторының  ұйымдастыруымен азаншыларға арналған семинар өтті.

Аталған оқыту семинарды Абай облысы бойынша Құран секторының меңгерушісі, Хакім Хазрет мешітінің бас имамы Байбатыр Шыңғысбекұлы жүргізді.

Семинар барысында азан және азан айтуға қатысты біршама мәселелер қамтылып, оның жолдары түсіндірілді, яғни азанды дұрыс әрі қатесіз айту, азанның махраждары, әдептері, азанды мақамына келтіріп айту, қамат және таң намазы азанының айтылуы бағытында сабақтар  жүрді.

Қатысушы азаншылар семинардан өздеріне қажетті мол мағлұмат ала білді.