Абай облыстық Зекет және қайырымдылық қоры 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандарды елеп-ескеріп, үйлеріне жеміс себеттерін алып, керекті азық-түліктерін табыстап қайтты.
Сонымен қатар, Семей қаласының №6 мектеп – интернатында білім алып жатқан, есту қабілеті нашар оқушылармен кездесіп, тәтті сый-сыяпаттарын табыстады. Одан бөлек, мектеп – интернаттың қызметкерлеріне де алғыс білдіріп, азық-түлік үлестірілді.
Дәл осы мақсатта, Абай облысы Аягөз ауданында да мұқтаж 60 балаға және 20 отбасыға сый – құрмет көрсетілді.
























Пікір қалдыру