Абай облысы имамдарының 2026 жылға арналған алқалы жиыны барысында өткен 2025 жылдың үздіктері анықталып, ерекше ынта-жігер көрсеткен қалалық, аудандық және ауылдық мешіт имамдарына алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
2025 жылғы қорытынды бойынша төмендегі дін қызметкерлері “ҮЗДІК”атанды:
Үздік ардагер имам – Қайрат Ғаббасұлы (Ақши ауылдық мешітінің молдасы)
Үздік ауыл имамы – Серікбек Сапарұлы (Бөкенші ауылдық мешітінің имамы)
Үздік ауыл мешіті – Үржар ауданы (Қызылту ауылдық мешіті)
Үздік аудан имамы – Болат Нұрболатұлы (Абай ауданының бас имамы)
Үздік аудан мешіті – Ақсуат аудандық мешіті
Үздік қала имамы – Айбек Қалиасқарұлы (Семей қалалық Төлеубек қажы мешітінің имамы)
Үздік бағыт имамы – Рашид Жамалбекұлы (Зекет және қайырымдылық қорының Абай облыстық филиалы жетекшісі)
Үздік ұстаз – Серікбол Жұмабекұлы (Семей қалалық Қос мұнаралы мешітінің ұстазы)
Үздік уағызшы – Ардақ Меллетұлы (Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы)
Үздік наиб имам – Қуаныш Файзоллаұлы (Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы).































Пікір қалдыру