АБАЙ ОБЛЫСЫ: ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ МЕШІТІНЕ ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Әбу Бәкір Сыддық имамы болып Айқын Русланұлы тағайындалды. 

Әбу Бәкір Сыддық мешіті ашылған сәттен бастап имамдық қызмет атқарған Айдын Сәлімханұлы өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.  Бас имам Асқар қажы Әбітайұлының атынан Алғыс хат табысталып, мешіт жамағаты атынан кіші қажылыққа жолдама берілді.

Әбу Бәкір Сыддық мешітінің жұма намазға жиналған жамағаттың алдында Бас мүфтидің бұйрығын оқып беріп, жаңадан тағайындалған имам Айқын Русланұлын таныстырды.

Айта кетейік, Айқын Русланұлы 2011-2014 жылдары “Астана” медресе-колледжін, 2015-2018 ж Нұр-Мүбәрак Ислам университетін және 2022-2025 Түркияда Хасеки Ислам академиясын тәмамдаған. Әр жылдары Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіті, Төлеубек қажы мешіті және Қосмұнаралы мешітінде наиб имамдық қызмет атқарған.