“Жеңіс те, сауап та – бір алаңда!” атты тақырыпта шағын футболдан қайырымдылық шарасы өтті.
Аягөз ауданы, Мамырсу ауылдық “Қазығұл ата” мешіті және ауыл жастарының ұйымдастыруымен ерлер арасында шағын футболдан “жеңіс те, сауап та – бір алаңда!” атты тақырыпта қайырымдылық турниры өтті. Аягөз ауданының имамы Нұржан Медеуханұлы өткізіліп жатқан шарада насихат айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудан аралық жарысқа жан-жақтан келіп қатысқандар арасында 1-орынды “Қазығұл ата” мешіті, 2-орынды Қарабұлақ ауылы командасы және 3-орынды Тарбағатай ауылы командасы иеленді. Жарыстан түскен қаражат қайырымдылық мақсатында ауылдағы ауырған сәби емі үшін, ата-анасына табысталды.

























Пікір қалдыру