АБАЙ ОБЛЫСЫ: РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ДӘРІСТЕРІ БАСТАЛДЫ

Абай облыстық “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітте “Рамазанға дайындық дәрістері” басталды. Бұл дәрістер легі Абай облысы бойынша барлық мешіттерде жалғасын табатын болады.

Дәрістер Рамазан айында ораза ұстаудың әдебі және оразаға қатысты фиқһи үкімдер баяндалады.

Сондай-ақ жамағаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріледі. Дәріс күнделікті Құптан намазының алдында болады.