АБАЙ ОБЛЫСЫ: РУХАНИ АУЫЗАШАР КЕШІ ӨТТІ

Семей қаласында Абай облысының өкілдігі ұйымдастыруымен облыстың зиялы қауым өкілдеріне, ақсақалдар мен әжелерге, студенттерге, мұқтаж отбасыларға ауызашар берілді.
Рухани дастархан басында күй шертіліп, қаламыздың талантты ағалары дәстүр бойынша жиналған қауымға жарапазан айтып, мерекелің көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, Семей қалалық “Дариға-ай жастар” театры арнайы келіп көрініс көрсетті.

Рухани кеш барысында Абай облысының Бас имамы жиналған жұртты қасиетті Рамазан айымен құттықтап өтіп, жылдағы үрдіс бойынша қасиетті айда жақсылық пен қуаныш сыйлайтынын атап өтті. Абай облысы “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен “Өмірге үміт сыйла” акциясы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қаржылай сыйлық табысталды. Сонымен қатар, “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіт жанында орналасқан студенттер үйінің ұстазы – Қажытаев Еділ ұстазға үлкен қажылыққа жолдама табысталды.

Игі шараға демеушілік жасаған жаны жайсаң азаматтарымызға алғысымыз шексіз. Рамазан айы қайырымдылық айы болғандықтан, бұл айда Зекет қоры көптеген игі ізгі істерге мұрындық болып келеді. Осы жолда қолдау көрсетіп келе жатқан барша жандарға Алла разы болсын!