Абай облысы өкілдігінің ұйымдастырылуымен өткен рухани ауызашар кешінде мүгедектігі бар ерекше бала тәрбиелеп отырған көмекке мұқтаж жеті отбасыға «Зекет және қайырымдылық» қоры Абай облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен қаржылай көмек берілді.
Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы әр отбасыға 200 мың теңгелік сертификатты табыстап, қиындықтарына жеңілдік, балаларының дертіне шипа тіледі. Сондай-ақ қайырымды іске демеуші болған азаматтарға ризашылығын білдіріп, “Зекет және қайырымдылық” қоры ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларды әрдайым басты назарда ұстайтынын атап өтті.




















Пікір қалдыру