АБАЙ ОБЛЫСЫ: ИМАМДАРҒА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ПӘТУАЛАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ Абай облысы өкілдігінің бастамасымен Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды имамдарға таныстыру мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Абай облысы бойынша Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Құттыбек Түменбай аудан, қала имамдарына пәтуаларды насихаттаудың маңызын түсіндірді.

Жиында аудандық, қалалық мешіттердің бас имамдары пәтуаға жауапты мамандарға сауалдарын қойып, жауап алды. Пәтуаның өзектілігі айтылып, насихат шараларына арналған алдағы жоба-жоспарлар ортаға салынды.