“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Абай облысы бойынша «Qamqor sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласында орналасқан Алматы, Павлодар, Көкентау тас жолы бойындағы зираттарда “ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ” атты сенбілік шарасы өтті.
Игі шараға қала әкімшілігі де қолдау көрсетіп, сонымен қатар, қала мешіттерінің имамдары, ұстаздары мен шәкірттері және еріктілер белсенді түрде қатысып, атсалысты.
Тазалық акциясы Абай облысының аудан және ауылдарында да жүзеге асты. Аудан-ауылдарда да жергілікті әкімшілік пен жамағаттар белсенді түрдеу қолдау көрсетті.
Акцияның мақсаты – қабірлерді тазалап, абаттандыру ғана емес, сонымен қатар, жерлеу орындарында тазалық сақтаудың маңыздылығын тұрғындарға түсіндіру.
Акцияға қатысушылар зираттардың маңайында жиналған түрлі қоқыстарды арнайы қаптарға жинап, қала әкімшілігі тарапынан бөлінген 1 жүк тиеуші және 1 жүк тасушы көлікпен қоқыс төгетін орындарға жеткізілді.
Бұл игі бастама Семей қаласы бойынша тағы да алдағы демалыс күндері өз жалғасын табатынын Абай облысы Бас имамы Асқар Әбітайұлы мәлімдеді. Қала тұрғындарын да осы бастамаға шақырды.
Қабір басындағы жатқан қоқыстарды тазалап, марқұмдарға құрмет көрсету тірілерге міндет. Алла елшісі, пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Тазалық иманның жартысы» – деген. Оны біздің ата – бабаларымыз: «Өткенге құрмет, болашаққа міндет» – деп айтып кеткен.


























Пікір қалдыру