Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Абай облысы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Файзоллаұлы және Семей қалалық Ағаш мешітінің имамы Дәулет Жұмаханұлы Семей әкімшілік ақпарат орталығында тікелей эфирде өткен Құрбан айт тақырыбындағы пресс конференцияға қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастрыуымен Құрбан айт қарсаңында баспасөз маслихаты өтті. Баспасөз маслихатына Абай облысы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Файзоллаұлы мен Семей қалалық Ағаш мешітінің имамы Дәулет Жұмаханұлы және Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Фатхулина Раушан Жулдусбаевна қатысты.
Қуаныш Файзоллаұлы халықты келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, биылғы Құрбан айт мерекесі Мамыр айының 27-28-29 жұлдыздарына сәйкес келетінін, Айт намазы Абай облысы бойынша таңғы сағат 06:00-де оқылатынын жеткізді. Сондай-ақ, барша мұсылман қауымы үшін ұлық мереке саналатын қасиетті Құрбан айт күні мұсылман адамның істейтін ең сауапты амалдары – Айт намазын оқу және Құрбандық шалу екендігін, сонымен қатар, ағайын-туыстарымызды айтпен құттықтап, бала-шағамызға бұл күннің қадірін түсіндіру мақсатында сыйлықтар беріп, қуанышты көңіл-күй сыйлау да маңызды екендігін баяндады. Құрбан шалудың шарттары мен әдептері, құрбандыққа жарамды малдардың сипаттары, құрбандық шалу уақыттары, құрбандық етін мұқтаж жандарға тарату мәселелері туралы бірқатар ақпараттар берді.
ҚМДБ-ның бастамасымен Абай облысы өкілдігі ұйымдастырып жатқан «РАББЫҢ ҮШІН ҚҰРБАН ШАЛ» акциясы туралы, жалпы мешіттер тарапынан Құрбан айтқа байланысты қандай іс-шаралар өткізілетінін, соған байланысты қандай дайындықтар жасалып жатқанын баяндады. Құрбандық шалуға қатысты төмендегі ақпараттар легін жеткізді:
1) Санитарлық талаптарға сай мал соятын арнаулы орындар тағайындалды, яғни, Құрбандық малдары Дальный кенті қасапханасы мен Жоламан Сары базар қасапханасында шалынады.
2) Қол жетімді бағамен құрбандыққа жарамды малдар (қой, қошқар, сиыр, өгіз, бұқа) дайындалды. Биыл өңірде мал қымбаттауына байланысты ешкі бағасы – 70 мың; қой бағасы – 100 мың тг; ал, ірі қара мал бағасы – 756 мың тг болып бекітілді.
(Қасапшы еңбегі,бата жасау,жіліктеп пакетке салу қызметі ТЕГІН)
3) ҚМДБ «Халал даму» мекемесі және «Шариғат және пәтуа» бөлімі мамандары тарапынан арнайы ұйымдастырылған семинардан өтіп, Халал сертификатқа ие болған қасапшылар;
4) Бата беріп, дұға жасайтын имам-молдалар;
5) Құрбандық етін уақытша сақтайтын тоңазытқыштар;
6) Мұқтаж отбасылардың тізімі;
7) Мұқтаж жандарға құрбандық еттерін таратушы мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағаттар бекітілді;
Құрбандық шалуға өтінішті qurban.muftyat.kz сайты немесе 87022519914 номеріне хабарласу арқылы беруге болады.
Одан бөлек, Құрбан айт мерекесін лайықты деңгейде атап өту үшін бұдан да бөлек бірқатар шаруалар жоспарланып отырғанын атап өтті. Айталық, ҚМДБ бастамасымен бүлдіршіндерімізге Айт тәттісін тарату, қайырымдылық жәрмеңкесі, ұлттық спорттық жарыстар өткізу қолға алынуда.
Сондай-ақ, өзге де пресс-конференция қатысушылары Құрбан айт уақытында халық ескеруге тиісті бірқатар мәселелер туралы сөз қозғап, тазалық сақтау, тәртіп сақтау мәселелерінің маңыздылығын жеткізді.
Жиын соңында журналисттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтау тілектері айтылды.

Пікір қалдыру